Айдахар
Айдаһар (айдахар) — қазақтың байырғы наным-сенімдерінде кездесетін мифологиялық бейне. Ол бірнеше басты алып жыртқыш, адам баласына өлім әкелетін дүлей күш, жалмауыз ретінде сипатталады. Әлем халықтарының фольклорында кең тараған бұл кейіпкер қазақ ертегілерінде қауымнан ауыр салық алып, адамдарды, малды тірідей жұтатын құбыжық болып бейнеленеді. Әсіресе, қыздарды жалмап, халыққа үрей туғызады. Айдаһармен шайқасқан батырлар оны өлтіріп, халықты құтқарады. […]